Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөл көлі маңында екі бесжұлдызды қонақүй салынып жатыр

Алматы облысындағы Үшарал қаласы маңында Алакөл көлі жағалауында демалысқа келетін туристер үшін әуежай салынады.

VILLA-ELENApyatizvezdochnyy-otel-v-Yalte

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде туризм Алакөл және Балқаш көлдері жағалауында қарқынды дамып келеді. Осы орайда Алакөл көлінде ірі инвесторларға жер бөлу, қажетті инфрақұрылымды тарту тұрғысында көмек көрсетілді. Қазіргі кезде бір бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы аяқталуға жақындап, екіншісінің құрылысы басталды. Ақши ауылы мен осында орналасқан туристік нысандарды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін 600 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар ол аталған демалыс орындарына туристердің сапарлауына қолайлы болуы үшін жолдардың сапасына ерекше мән берілетіндігін атап өтті.

«Алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үшарал қаласында әуежай салғымыз келеді. Осы жерден туристерді Ақши ауылына жеткіземіз. Яғни, олар Алакөлдің жағасында қолайлы жағдайлармен демалысқа келе алады. Осы орайда үш гектар жер бөлінді», – деді Баталов.

Оның айтуынша, биыл демалуға келетіндер саны бір жарым есеге артқан екен.


Талқылау