Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда алабай иті адамға шабуыл жасады

Кешкілік бүлдіршінімен үйге қайтып келе жатқан Қарағанды тұрғынын Алабай тұқымды ит тістеп алған. Тұрғын мен оның бес жасар қызы алабайдың шабуылынан зардап шеккен.

10457053

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары  хабарлайды.

«Мен қызымды қарға жасырып, оны қорғауға тырыстым. Бірақ, алабай менің қолымнан тістеп шайқай бастады. Ауырғаннан қаттырақ айқайлап көмек шақырдым. Ит сыртқы қалың киімімді жыртып, тесіп өтті», – дейді зардап шегуші.

Осылайша әйел итпен бірнеше минут алысқан. Алайда дер кезінде иттің иесі келіп арашалап үлгерген.

Әйел келесі күні жарақатын емдету үшін дәрігерге қаралған. Жануардың қожайыны әйелден полицияға арыз түсірмеуін өтінген.

«Алабайдың қожайыны менен кешірім сұрап, барлық ем-домның, басқа да шығындардың ақысын өтейтінін айтты. Міне, бес күн өтті. Ол бірде-бір рет хабарласқан жоқ, телефоны болса өшірулі тұр», – дейді тұрғын.

Тек бес күн өткеннен кейін ғана, ол полицияға арызданған.

Облыстық ІІБ баспасөз бөлімінің жетекшісі Бақытжан Құдияров «Дәл қазіргі сәтте іс сотқа жөнелтілді», – дейді.

Талқылау