Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әжімдерім мен мұндалап тұрады": Ләйлә Сұлтанқызы неліктен жас қыздарша киінетінін түсіндірді

Ләйлә Сұлтанқызы қанша жасқа келгенін және әжімдерінің көбейгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында 42 жасқа келетінін айтты. Әжімдерінің мен мұндалап тұратынын да жасырмады ол. Ләйлә ханымның айтуынша, енді оның әжімдеріне ешнәрсе көмектеспейтін көрінеді.

«Білесіздер ме, шыны керек мен өзімнің жасымды жақсы көремін. Бұйырса 42-ге келемін ғой қыста. Көздің асты, үсті, құлақтың тұсы, еріннің айналасындағы әжімдерім мен мұндалап тұрады (24 жастан салдыратын диспот уже көмектеспейді). Әйгілі Джулия Робертс пен Кэмерон Диас сияқты жұлдыздардың эмоциясы мен әжімдері қалай өздеріне жарасады, иә. Бар бәле көңілде ғой», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Өзі біраз жасқа келсе де көңілі жас Ләйлә Сұлтанқызы әлі де болса жас көрінгісі келетінін, сол үшін жастардың киімін киіп, жарнама жасайтынын жеткізді. Жүргізуші ең бастысы ішкі үйлесімділіктің болуы дейді.

«Көңіл 18-де болса қиын да қызық екен, байқасаңыздар Нұр-Сұлтанда өтетін көп іс-шараны, көп жағдайда құрбы-құрдас, достарымның сән әлеміндегі жаңалықтарын (жаңа дүкеннің ашылуы, сапалы киім, аяқ киім, алтын сырға дегендей т.с.с.) жарнамалаймын. Алдыңғы күні 45+ киетін киімдердің жарнамасына түссем, бүгінгі фотосессияда жасым 25-ке төмендейді. Мәзбін кәдімгідей. Әйелге көп нәрсе керек емес деген рас қой», - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Білесіздер ме, вот честно я люблю свой возраст ❤ бұйырса 42-ге келем ғой қыста... Көздің асты, үсті, құлақтың тұсы, еріннің айналасындағы әжімдерім мен мұндалап тұрады (24 жастан салдыратын #диспорт уже көмектеспейді)🤦‍♀️😳😃 Әйгілі Джулия Робертс пен Кэмерон Диастың сияқты жүлдыздардың эмоциясы мен әжімдері қалай өздеріне жарасады, иә🥰 Бар #бәле көңілде ғой😃 Көңіл 18-де болса қиын да қызық екен, байқасаңыздар Nur-Sultanda өтетін көп іс-шараны, көп жағдайда құрбы-құрдас, достарымның сән әлеміндегі жаңалықтарын (жаңа дүкеннің ашылуы, сапалы киім, аяқ киім, алтын сырға дегендей т.с.т) жарнамалаймын. Алдыңғы күні 45+ киетін киімдердің жарнамасына түссем, бүгінгі фотосессияда жасым 25+-ке #төмендеді🤦‍♀️🤣 Мәзбін кәдімгідей🥰 Әйелге көп нәрсе керек емес деген рас қой. Ең бастысы гармония, жүректің тыныштығы, өзіне деген сенімділігі... Құдай ешуақытта көңілдеріңізді кірлетпесін деп тілегім келеді🙏 ... Сіздер сол мен жарнамалаған әийш кімдерді барып көріп, сатып алсаңыздар, онда мен реально қуаныштан 18+ болатын шығармын. Ал мен жасарғым келеді, сіз сияқты... #честно❤

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Әрі қарай ол көңілдің кірлегені жаман, ал өзгесі мәселе емес деп шешті.

«Ең бастысы гармония, жүректің тыныштығы, өзіне деген сенімділігі. Құдай ешуақытта көңілдеріңізді кірлетпесін деп тілегім келеді. Сіздер сол мен жарнамалаған "әийш" киімдерді барып көріп, сатып алсаңыздар, онда мен реально қуаныштан 18+ болатын шығармын. Ал мен жасарғым келеді, сіз сияқты», - дейді тележүргізуші. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр