Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақысын бермесе, ұрып-соғады: Алматыда жігіттер кешкісін тұрақ үшін ақша алуды кәсіпке айналдырған

Алматыда автотұраққа көлікті қою құны артып барады. Тариф жүз теңгеден басталып, бірнеше мың теңгеге дейін жетеді. Алайда бағаны өсірген Алматы паркинг мекемесі емес, ауадан ақша жасауды кәсіп еткен пысықайлар екені белгілі болды.

Ақысын бермесе, ұрып-соғады: Алматыда жігіттер кешкісін тұрақ үшін ақша алуды кәсіпке айналдырған

Олар тұраққа ақша төлеуден бас тартқандарды соққыға жығуға дейін баруда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Төрт жыл болды. Басып алған жоқпын. Ана жерге барсаң дұрыс па».

Автотұрақтардан оңай ақша жасауды көздегендер көбіне түнімен жұмыс істейтін мекемелер мен көңіл көтеру орындарының маңына үйір. Мәселен Панфилов көшесінің бойына кешкісін серуендеуге келген қала тұрғындары көліктерін қояды. Пысықайлар осы жерді иемденіп, әр көліктен ақы талап етеді. Ашық жасыл кеудеше кигендер ақша табудың осы жолын бірнеше жылдан бері кәсіп етіп келеді екен.

Антон Симонов азаматтық патрульдің өкілі. Ол заңсыз ақша талап етушілермен күресу үшін әр көшені бақылап жүреді.

«Қала ұйқыға кеткенде мафиялар оянады. Олар кешкі жетіден кейін ақылы автотұрақ мүлде жоқ немесе ақылы автотұрағы бар көшелерде пайда болады. Олар күндік терминалға түнде бізге төлеңдер дейді. Көлікті қалай қойғысы келсе солай қояды. Олар үшін жол ережесі маңызды емес», – дейді Алматыдағы азаматтық патрульдің өкілі Антон Симонов.

Қала көшелері май шелпекке айналғалы қашан. Пайдасы мол болғандықтан автокөліктер көптеп келетін орынның барлығы табыс көзіне айналды. Жилет киген жігіттер ақысын төлемегендерді қорқытып, үркітіп тіпті соққыға жығып, одан қаласа қару қолдануға да әзір.

Темір тұлпар тұраққа дұрыс қойылмаса иесі айыппұл арқалауы да мүмкін. Бірақ жилет кигендерге ол қызық емес. Қазір тариф автотұрақтың орналасқан жері, көліктің құнына қарай құбылып тұрады екен. Автотұрақ қызметкерлері 500 теңгеден артық алмаймын деп сендіруде.

Ал, Алматыда автоматтандырылған автотұрақ жүйесі үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа технолия заңсыздықтың жолын кеседі деп үміттенген. Бірақ арнайы мекеме де оларға тосқауыл бола алмапты. Олармен күресуге біздің қауқарымыз келмейді деп отыр. Тек полицияға шағым түсірумен ғана шектеледі екен.

«Біздің иммиджге, екіншіден қала тұрғындарға, көлік жүргізушілерге кейбір жерлерден күн бұрын ақы алып қояды. Ертесі күні бізге шығып, осындай әңгіме көтереді. Ол әрине ыңғайсыз жағдай», – дейді Паркинг компаниясның директоры Марат Пірінбаев.

Полиция заңсыз кәсіп иелерінің бар екенін жасырмайды. Оларды жауапқа тартатын бап қолданыстағы заңда да қарастырылмапты. Қайта-қайта мазасын алғанда ғана жауапкершілік көзделген. Мамандар өзгенің атын пайдаланып, табыс табуды көздейтіндерге жем болмау үшін ақша төлеуден бас тартып, тіпті қоймаған жағдайда полицияға шағымдануға кеңес беруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау