Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев: Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды

Қазіргі таңда валюта нарығындағы жағдай тұрақталды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақша-несие саясаты жөніндегі техникалық комитеттің отырысын қорытындылап.

26948603-c472-455e-b4bf-fc7e37a38f90-mhh2fm6jw3ab3ia3mglqdzu6zg8nivoudcxpk2bva4

Фото: old.ult.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақышевтың ақпаратына сүйенсек, теңге бағамы тек 2016 жылдың басында айтарлықтай өзгерген. Оның ауытқуы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болған, әсіресе 2016 жылдың қаңтар айында өзгеріске ұшыраған. Одан кейін теңге бағамы айтарлықтай ауытқымады, ал 2016 жылы теңге АҚШ долларына шаққанда 2%-ға нығайды.

Қаржы реттеу басшысы хабарлағандай, валюта нарығындағы Ұлттық банктің интервенциясы бір жылда төмендеген – шетел валютасын сатып алу түрінде  2,9 млрд. АҚШ долларын құраған. Олардың негізгі көлемі жылдың бастапқы айында төмендеді.

«Жаз айларында Ұлттық банктің валюта саудасындағы қатысуы айтарлықтай болмады, ал қыркүйек айында біздің қатысуымыз нөлге теңелді. Тіпті 2016 жылдың басында нарыққа біздің араласуымыз шетел валютасынан ұлттық ақшамызға жинақтар мен басқа да қорлардың ағылуы нәтижесінде артық ұсыным салдарынан орын алды», – деп атап өтті Ақышев.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік мүгедектер тегін берілетін қоларбалардың сапасыздығын айтады

Дәурен Абаев ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу жайлы айтып берді

Қызметкерлерін науқастардан қалайда ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті

Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады

Талқылау