Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев теңгені латын қарпіне ауыстыру туралы: бұл, сіздер ойлағандай, оңай емес

Ұлттық банк басшысы латын қарпінде жазылған жаңа банкноттарды дайындау процесі көп уақытты алатынын айтты,-деп жазды Sputnik .

Теңге банкноттарын латын графикасына ауыстыру процесі өте ұзаққа созылады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

“Біз жарлыққа сәйкес жұмыс істейміз. Бұған қатысты өте көп мәселе бар, банкноттардағы жазуды ауыстыру, сіздер ойлағандай, оңай емес. Біз ешқандай кезең белгілеген жоқпыз, банкноттарды дайындау процесінің өзі – өте ұзақ кезең”, — деді Ақышев журналистерге.

Осы жылдың 27 қазанында мемлекет басшысы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде сотталушы марқұм анасының басына бару үшін түрмеден қашқан

Қазақстандағы ең танымал өнер иелері Сивиге не сыйлағандарын айтты (фото,видео)

Астанада 54 жастағы әйел өзін өзі өртеп жіберді

Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова ерекше бейнебаян түсіріп, жұртты таңғалдырды (видео)

 

 

 

Талқылау