Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев: Санамыздың долларлануын жеңуіміз керек

Әлемдік қаржы және сауда нарықтары авлюталарды «сілкілеуін» әлі де жалғастыруда. Біз қиындықтардың бәрін еңсеріп тастаған жоқпыз дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.

долларрр

Қазіргі жағдайымыз қиын белестен өтіп, барлық проблемалық жәйттерді еңсердік дегенді білдірмейді. Айырбас бағамы көптеген сыртқы және ішкі факторларға тәуелді, сондықтан оның тіпті, күн сайын өзгеріп тұратынына етімізді үйретуіміз керек.
Қазақстан халқы айырбас бағамына үрке қараудан арылуы керек. Ол үшін санамызды долларланудан арылтуымыз керек.

«Ең алдымен, санамыздың долларлануын жеңуге тиіспіз. Активтерімізді, кірістерімізді, олар валюта бағамымен байланысы болмаса да, валютамен қайта есептеу секілді әдеттен арылу қажет. Активтердің долларланудан да жою керек. Қазақстанда олар теңгемен өлшенуі тиіс. Бізде импорттың үлесі жоғары дегенмен келісемін. Онымен де жүйелі жұмыс жасау керек», – дейді ҚР Ұлттық банк басшысы Д.Ақышев.

Талқылау