Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алыпқашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Qazkom-ның банкроттығы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, банктің банкроттығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

“Qazkom бойынша бірнеше рет банк банкротқа ұшырады деген сықылды алыпқашпа әңгіме тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді”, — деді Ақышев бүгін үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Ұлттық банк төрағасы биыл жазда банкті сауықтыру бойынша мәміле жасалғанын еске салып өтті.

“Банк қазір толықтай барлық пруденциалдық нормативтерді орындап жатыр. Банк төлем қабілеттілігінің қажетті қорын қамтамасыз етуде. Проблемалық портфельді акционерлер мен банк менеджменті мақұлдады. Сондықтан бұл жағдайда Qazkom тұрақты институт және айтарлықтай тартымды болып табылады”, — деді төраға.

“Банктің тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша алаңдауға еш негіз жоқ”, – деп түйді сөзін Ақышев.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда журналистика факультеттерін жабу ұсынылды

Сұлтанмахмұт Торайғыров ғашық болған ару кім?

Алматы облысында 8 жасар таксист бала жолаушыларды тасып жүр (видео)

Талқылау