Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев пен Сәрінжіпов Медеуде велосипедпен серуендеді

“Назарбаев Қорының” президенті және Nazarbayev University қамқоршылар кеңесінің мүшесі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Медеуде велосипедпен серуендеді.

20160808172744

Бұл туралы Сәрінжіпов әлеуметтік желіде хабарлады.

«Демалыста. Медеуге дейін велосипедпен жүріп өттік. Ақышев Данияр Талғатұлы велосипедті жақсы формада екен. Мен одан қалмауға тырыстым», – деп жазды ол Facebook-те.

Желі пайдаланушылары мемлекеттік қызметкерлердің спортқа деген құлшынысын бағалап, Данияр Ақышев пен Аслан Сәрінжіповті мақтады.

Атап өткен жөн, саламатты өмір салты мемлекеттік қызметкерлер арасында кең тарап келеді. Жуырда елдің Премьер – Министрі Кәрім Мәсімов Астана – Бурабай трассасында велосипедпен жүрген болатын.

Айта кету керек, бүгінде Кәрім Мәсімов әлеуметтік желілер арқылы саламатты өмір салтын кең насихаттап келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Кәрім Мәсімов Астана-Бурабай тас жолын велосипедпен жүріп өтті

Шымкент әкімі велосипедке мініп қаланы аралады

Алматы әкімдігінің 50-ден астам қызметкері жұмысқа велосипедпен қатынайды (фото)

Талқылау