Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев Қазақстанның ескі зейнетақы жүйесіне қайтып оралуы мүмкін екенін айтты

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумы кезінде “Қазақстан бұрынғы зейнетақы жүйесіне қайта орала ма?” деген сұраққа жауап берді.

2321041

Фото: Ксения Воронина

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ақышевтың сөзіне сүйенсек, Ұлттық банк бірқатар ұсыныстарды ҚР Үкіметіне жолдады.

“Біздің пікірімізше, бәсекелестікті қалпына келтіріп, азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияны таңдауға мүмкіндік беру керек, сонда олар инвестициялау стратегиясын да таңдай алады. Ұлттық банк ұнамай жатса, жеке меншік компанияға баруына болады. Бұл біз ұсынып отырған базалық қағида. Бұл жағдайда БЖЗҚ да қызметін жалғастыра береді. Біз азаматтардың БЖЗҚ-мен қосымша келісімшарт жасасуын ойластырдық. БЖЗҚ ақшаны басқаруды Ұлттық банкке береді немесе салымшының таңдауы бойынша басқарушы компанияға өткізеді”, — деді Ұлттық банк басшысы тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Оқи отырыңыз:

Оқи отырыңыз:

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет

Қазақстан банктерінде базалық ставка 10,5%- ға дейін төмендеді

Қытайдың 51 компаниясы Қазақстанға көшіп келмек

Талқылау