Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев: Қазақстандықтардың зейнетақысы желініп жатқан жоқ

Зейнетақы активтерінің кірісі тоғыз айда инфляциядан асып түскен. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтардың зейнетақысы тиімсіз пайдаланылып жатыр деп алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

Сурет: Орталық Ақпарат агенттігі

Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, 1 қазанда зейнетақы активтері шамамен 7,5 триллион теңгеге жетті. Салымшылардың шотына 462 миллиард теңге мөлшерінде инвестициялық табыс бөлінген. Бұл 6,68%, ал осы кезеңде инфляция  4,2%-ды құрады. Осылайша, Ақышевтің айтуынша, зейнетақы активтерінің кірісі инфляция деңгейінен асып түсіпті.

“Бізге депутаттық сауал келіп түсті. Біздің ойымызша, онда түрлі кезеңдердегі сандар келтіріліп, қоғамды жаңылыстырды. Мәселен, зейнетақы активтерінің тоғыз айдағы кірісін жылдық инфляциямен салыстырады. Ал бұл дұрыс емес. Мен айтқан цифрлар зейнетақы активтерінің табысы инфляциядан жоғары екенін көрсетіп отыр. Сондықтан қаржы “желініп жатыр” немесе тиімсіз пайдаланлыып жатыр деп алаңдауға негіз жоқ”, — деді Ұлттық банк төрағасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров зейнетақы жинақтарының төмен табыстылығы туралы мәселе көтерген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты

Режиссерлер қай фильмдерде актерлердің шынымен жақындасқанын айтты

“Сақалды әйел” атанған ОҚО тұрғыны күйеуімен бақытты ғұмыр кешуіне сақалы себеп екенін айтады (фото)

Талқылау