Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев: ЕАЭО елдерінде бірыңғай валюта енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бірыңғай валюта ендіру жөнінде өз пікірін білдірді.

23801A2B-710F-4340-BAA4-968B196B3F88_cx0_cy8_cw0_w900_r1_s_r1

«Биыл Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Ал осы одақтың негізі болып табылатын ортақ келісімшартта ортақ валюта енгізу туралы ешқандай норма жоқ. Сәйкесінше, бұл мәселе күн тәртібінде көтерілмейді. Ал көршілермен өзара ынтымақтасу, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – бұл өз алдына бөлек мәселе. Біз бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондықтан біз ең бастысы – жалпы әлемдік бәсекелестікке төтеп беруге қажетті механизмдерді әзірлеп, жетілдіруіміз қажет», – деді Данияр Ақышев.

Естеріңізге сала кетелік, өткен айда Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «ҚазАқпарат» агенттігінің сұрағына жауап бере отырып, интеграциялық бірлесудің ешбір деңгейінде бұл мәселе талқыланбайтындығын айтқан болатын.

 

Талқылау