Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан қаражатты азаматтардың мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

акишев

Айта кетелік, бұған дейін отандық баспасөз беттерінде қазақстандықтардың зейнетақы қорында жатқан қаражаттарын жеткілікті жинақталған жағдайда, зейнет жасына жетпей жатып-ақ алуларына болатындығы туралы ақпарат пайда болған еді.

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы өз сөзінде ҚР ағымдағы заңнамасында зейнетақы қорындағы қаражат жеткілікті көлемде жинақталған жағдайда, зейнетақылық ануитетті зейнеткерлік жасқа жетпей жатып алуға болатындығы қарастырылғандығын атап көрсетті. Әйелдер үшін бұл  – 50 жас. Ал ер азаматтар үшін – 55 жас.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде қарастырылған. Дегенмен, бұл мәселені біз қазір терең зерттеп жатырмыз. Мұндай мүмкіндік қазақстандықтар үшін болашақта тиімді болар еді. Өйткені, қазірдің өзінде өздеріне жеткілікті қаражат жинағандар бар. Олар өздерін зейнет жасына жеткен соң қамтамасыз ете алады.

Сәйкесінше, қаражат артық жиналған жағдайда не істеу керек? Оны мерзімінен бұрын алуға бола ма?

Бұл өте шетін мәселе. Өйткені, ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бұл жүйе азаматтарды болашақта толыққанды қамтамасыз ете ала ма? Әзірге бұл мәселе Үкіметте жан-жақты талқыланып жатыр. Әзірге қандай да бір нақты түсініктеме беруге ерте. Шешім қабылданған мезет, біз тұрғындарды хабардар етеміз», – деді  Ақышев.

 

Талқылау