Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 14:25

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан қаражатты азаматтардың мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

акишев

Айта кетелік, бұған дейін отандық баспасөз беттерінде қазақстандықтардың зейнетақы қорында жатқан қаражаттарын жеткілікті жинақталған жағдайда, зейнет жасына жетпей жатып-ақ алуларына болатындығы туралы ақпарат пайда болған еді.

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы өз сөзінде ҚР ағымдағы заңнамасында зейнетақы қорындағы қаражат жеткілікті көлемде жинақталған жағдайда, зейнетақылық ануитетті зейнеткерлік жасқа жетпей жатып алуға болатындығы қарастырылғандығын атап көрсетті. Әйелдер үшін бұл  – 50 жас. Ал ер азаматтар үшін – 55 жас.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде қарастырылған. Дегенмен, бұл мәселені біз қазір терең зерттеп жатырмыз. Мұндай мүмкіндік қазақстандықтар үшін болашақта тиімді болар еді. Өйткені, қазірдің өзінде өздеріне жеткілікті қаражат жинағандар бар. Олар өздерін зейнет жасына жеткен соң қамтамасыз ете алады.

Сәйкесінше, қаражат артық жиналған жағдайда не істеу керек? Оны мерзімінен бұрын алуға бола ма?

Бұл өте шетін мәселе. Өйткені, ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бұл жүйе азаматтарды болашақта толыққанды қамтамасыз ете ала ма? Әзірге бұл мәселе Үкіметте жан-жақты талқыланып жатыр. Әзірге қандай да бір нақты түсініктеме беруге ерте. Шешім қабылданған мезет, біз тұрғындарды хабардар етеміз», – деді  Ақышев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жасымыз сіздер көрсеткен 50/55 жасқа жетпесе де,зейнетақы қорындағы жиналған ақшаны алып, Тұрғын үй жинақ банкісіне құйып, үй алатындай жағдай жасалса, тіпті жақсы болар еді. Ертерек шешілсе екен.

  • Anonymous says:

    Жаксы екен

  • Anonymous says:

    Зейнетақы қорынан жиналған қорымымзды берсе, студент балалрымыз бар оларда баспанада жоқ қиналып жүрміз.Соны түсінетін адам болса нұр үстіне иұр болар еді ғой

  • Anonymous says:

    Иə. Казир жағдай өте киын. Бəрі кЫмбат.

  • Anonymous says:

    Менде косыламын.канша болса да ертерек алсак.уй алуга коп комеги тиер еди.тезирек алуга келисим бересиздер деп сенемиз

  • Анонимно says:

    Жасына карамай аз сумма болсада алсак жаксы болар еди.зеинет жасына жететиндерде бар жетпеитиндерде бар гой

  • Анонимно says:

    Жақсы екен

  • Анонимно says:

    Ия, осы мәселені қарастырса, жақсы болар еді. Себебі, үй алуға немесе үй салуға көмек тиер еді. Қаншама жас отбаслыар жүр үй алалмай, қиналып, соған ата-анасының көмегі болар еді ғой.

  • Анонимно says:

    Алгымыз келеди. Жаксы болар берсе. Арким артурли пикир аитып жатыр. Содан коркамыз. Далага кетип калама деп. Енбектеп жинаган акшамыз гои. Негизи керек емес эалакыдан 10% устап калу. 5% болатын еди

  • Анонимно says:

    Əйелдер үшін 50,ерлер үшін 55 депсіздер. Сол кезде ғана алуға болама сонда. Оның кандай пайдасы бар. Ол ауырп калган жағдай да немесе баспанаға керек еткен жағдайда немесе оқуға түсу мәселелері туралы айтыла кеткен еді. Ол жастағыларға менімше бұл мәселе керек емес десті.БАЛДАРЫН уйлендіру болмаса. Кішкене жас жанұяларға көмек болу керек емеспе.

    • Анонимно says:

      Менде косыламын, канша болсада ертерек алсам, балдарымнын уй алуына косар едим, кане тезирек алуга рухсат берсе.

      • Anonymous says:

        Зейнетакын жинагын кредит жабуга алуга болама?

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар