Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақышев Әзербайжанға аударылған ақшаға қатысты түсініктеме берді

Ұлттық банк басшысы бүгін Зейнетақы қорының Әзербайжан банкіне салған қаржыға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл Данияр Ақышевтың даулы инвестицияға қатысты алғаш рет пікір білдіруі, деп хабарлайды КТК.

news1475054308

Фото: kursiv.kz

“Қазір бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақпаратты алдымен Үкімет, премьер-министр, Мемлекет басшысына жеткіземіз. Содан кейін шешім қабылдап, Ұлттық банк оны жариялайды”, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ертең Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткіземіз деген Бас банкир қаумалаған тілшіден осылай түк айтпастан қашып құтылғанша асықты. Негізі шетел асқан миллиардтардың тағыдырына осы Ұлттық банк тікелей жауапты.

Естеріңізге салсақ, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әзербайжан банкіне 71 миллиардтан астам теңге салған болатын. Ал шетелдік қаржы ұйымының қазір жағдайы өте қиын. Банкрот болуыдың алдында тұрған банк енді тек өз үкіметінен көмек сұрап отыр.

Бұған дейін бұл мәселеге қатысты қаржы министрі де пікір білдірген еді.

Оқи отырыңыз:

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне салған 71 млрд ақшаны қайтара алмауы мүмкін

Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді

БЖЗҚ-ның экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың тағы бір былығы әшкере болды

Талқылау