Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақырғы деміне дейін күресті: Павлодарлық әйел мен оның екі баласы өртке оранған моншада көз жұмды

Өрт кезінде жұбайы мен балаларынан айырылған павлодарлық азамат елден көмек сұрады. Апат кесірінен бүтіндей отбасынан көз жазып қалған азамат оларды жерлеуге қаржы таппай отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ақырғы деміне дейін күресті: Павлодарлық әйел мен оның екі баласы өртке оранған моншада көз жұмды

Қайғылы оқиға 12 маусым күні күндізгі уақытта болған. Ата-анасының үйінде болған әйел өрт тұтанған кезде балаларымен бірге моншада жуынып жатқан. Азамат бұл кезде жұмыста болғанын айтады.

Өрт жаздық ас үйде тұтанған. Ал үйдегі монша осы бөлмеге жалғанған екен.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 12 маусым күні түскі уақытта басталған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар сағат 13.25-те оны ауыздықтаған. Алайда дем арасында 20 шаршы метр ауданды шарпыған өрт үш адамның өмірін қиды.

Оқиға орнынан 30 жастағы әйел мен оның ұл-қызының денесі табылған. Балалар 2011 және 2014 жылдары туған.

Алдын ала болжам бойынша, электр сымының матасуы өртке себеп болған.

“Жұлдыз ол кезде балалармен бірге жуынып жатқан еді. Балалар жалаңаш болғандықтан, ол далаға жүгіріп шыға алмаған. Моншаның терезесі жоқ еді, есік жабылып қалған. Сыртқа шығу үшін олар үш есіктен өтуі керек еді – моншаның, ас үйдің және моншаның ауыз бөлмесінің. Ас үйде үлкен жалын болғандықтан, Жұлдыз онда шыға алмапты. Сымдар балқып кеткен. Ақырында тұншығып қалған. Жұлдыздың беті мен қолы күйіп қалыпты. Ол өзі мен балаларын құтқару үшін ақырғы деміне дейін қызып тұрған есіктерді ашуға тырысқан”, – дейді марқұмның жақындары.

Отбасы Жұлдыз бен балаларды жерлеу үшін ақша таппай отыр.

“Күйеуі жергілікті зауыттардың бірінде жұмыс істейді. Ал әйелінің ата-анасы егде жастағы адамдар. Отбасын жерлеу үшін кемі жарты миллион ақша қажет. Сондықтан да мейірімді жандарды көмектесуге шақырамыз”, – дейді еріктілер.

Көмек көрсетуге қажетті реквизиттер Instagram-дағы Павлодар мейірімділер клубының парақшасында көрсетілген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау