Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ашық-шашық киініп, жігіттермен аймаласқан Кәмшатты сынады

Ел аузында жүріп, санын ашып, түрлі әртіс жігіттермен жұлқына билеп, одан қалса сүйісіп хайп жасаудан шаршамайтын Кәмшат Жолдыбаева биыл өзге әріптестерінен асып түсті. Қоймай шешінді, сүйісті, жігіттермен аймаласты. Оған қатысты сын айтқан белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы халықты мұндай дүниемен алдауға болмайтынын айтады.

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ашық-шашық киініп, жігіттермен аймаласқан Кәмшатты сынады

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Серікзат Дүйсенғазы өнерде жүрген жас буынды халықты арзан дүниемен алдамауға шақырып, халықтың оларды онсыз да бағалайтынын айтты.

«Осындай арзан дүниеге барып жүрген інілерім, қарындастарым, онсыз да халық оларды бағалайды. Халықты ондай дүниемен алдауға болмайды. Ол уақытша нәрсе. Нәтижесінде табылатын ақшаға соған бола алданып, елдің алдына шығып, келешекте өзінің атын тарихқа басқаша етіп жазып кетуге болмайды. Қыз балалар елдің алдына шешініп шығып, жартылай жалаңаш шығып елді елең еткіземін деп, халықтың алдында қадірі болмайды» – дейді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Еске сала кетсек, бұған дейін екі бірдей жігітпен аймаласқан Кәмшат Жолдыбаева жұрттың жағасын ұстатқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау