Ақын Елена Әбдіхалықова Роналдуға өлең арнады

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 15:02

Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты спорт жанкүйерлерінің ғана емес, ақындардың да шабытын оятып жатқан тәрізді. Ақын Елена Әбдіхалықова Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналдуға өлең арнапты.

Portugal's Cristiano Ronaldo controls the ball during their friendly soccer match against Estonia at Benfica stadium in Lisbon, Wednesday, June 8 2016. Portugal will play in the Euro2016 in Group stage against Austria, Hungary and Iceland in Group F. (AP Photo/Steven Governo)

Сурет firstpost.com

Стадион …
Доп барады домалап!
Бір жүгірмек пас беруде алаң шетін жағалап…
Қос қарсылас қуысады соңынан,
Доп деген де – ала бақ…

Бірде тиіп бір аяққа, кері ұшып…
Біреу жатыр қасақана тебісіп…
Бір гол үшін табанынан бірінің
газонымен жер ұшып….

Жаны қызу жанкүйерлер көп мұнда–
шуылдайды соқпадың ба, соқтың ба?…
….Құрлықтардан қалталылар жиылып
бәс тігуде отты ұлға.

Алпыс мың жан ала допқа телміріп,
Бірін–бірі ойша шалып, тор құрып,
Кеуделерде жеңсек дейтін – жұлқыныс,
Көздерінде – сорлы үміт…

Тоқсан минут тыным көрмей ала доп,
Домалайды бірде ақ боп, қара боп,
Қазысы да бірде – қарақ, бірде – жақ,
… қария да өзеурейді бала боп…

О, Құдайым, доп тепкен де өнер ме?
Мұздай болып қан ұйиды төбемде –
домалатып тепкен сайын біртүрлі –
коментатор: “Қызық ойын” дегенде…

Криштиану…
Го–о–о–л!
Ал, менде қайғы анық:
Осы “ойынды” ойлап тапты қай халық?!
Көрінеді доп дегені –
ойыншық боп
тағдыры ала басындай бір байғұстың
допқа кеткен айналып….

О, Криштиану!
Бұл “ойында” бас тұлға!
Әлем сені балап жүр ғой жақсы ұлға!
… Қай Ауылдан?
Қайсы Рудан?
Қай Жүзден –
Қай Бас екен – домалаған доп болып
аяғыңның астында?!…

Елена Әбдіхалықова

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар