Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақылды болу – сән емес. Қазақстандық жастар қандай көзқарас ұстанады?

Қазақстандық жастардың жыныстық өмірді қосқандағы өмір сүру қарекеті ғылыми зерттеу нысанына айналып отыр.

1463394359_1 Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Фридрих Эберт атындағы қор 273 беттен тұратын "Орталық Азия жастары. Қазақстан" деп аталатын ұзаққа созылған әлеуметтік зерттеу қорытындысын жариялады. Әлеуметтік сауалнама барысында қазақстандық жастардың қызығушылығы, арманы, жоспары, өмірлік құндылықтары, проблемалары сөз болған. "Сауалнамаға қатысқандардың 61,6 пайызы өзі үшін сезімді сақтай алуды маңызды деп санайды. Материалдық байлық, әлеуметтік даму және жақсы тұрмыс олар үшін екінші, үшінші орындарға сырғыған. Сондай-ақ, қазақстандық жастар үшін тым ақылды болу да сәннен қалған. Көбінесе туыстары байланыс жасап жолын ашып беретіндіктен, басымен ойлану да қалып барады екен. Ал ғылым саласына "ақымақтар" кетеді деп санайды. Қазақстандық жастар сонымен қатар, салауатты өмір салтына бейімделген: алкогольден бас тарту 56 пайыз, темекі тартау 61,5 пайыз. Олардың орынын кальян мен әлсіз алкогольді сусындар алмастырған. Спорт ерекше танымал: 14,1 пайызы фитнес-клубтардың клиенті. Демалыстың әлсіз түрлері басымдыққа ие: достармен кафеге немесе киноға бару, әлеуметтік желіде әңгімелесу. Интернетте отырудың орташа уақыты: күніне 2-3 сағат. 78,6 пайыз жастар кітап аз оқиды немесе тіпті оқымайды. Сауалнамаға қатысқан ерлердің 19,4 пайызы, әйелдердің 25,3 пайызы жыныстық қатынасқа түспейді. Елде төсек тақырыбы жабық күйінде қалып отыр. Жауап бергендердің жартысы бұл тақырып төңірегінде әңгімелесуге қысылған. Абортқа қарсылық танытқан жастардың, 43,4 пайызы пәктік - қыздардың көркі дегенді қолдайды. Ал сексуалды азшылық өкілдері ретінде небәрі 3-4 пайыз жастар ғана айта алған. Сұралғандардың 32 пайызы отбасы билігін ер адам ұстау керек деген пікірде. Ал 19 пайызы әйелді тәуелсіз, өз еркі бар адам деп есептейді. Қазақстандық жастар көп әйел алушылықты қолдамайтын болып шықты. Ал "қыз алып қашу" бойынша пікір екіге жарылған.
Талқылау