Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақылды бағдаршамдар адамдардың ашуын туғызды

 Алматыда екі ай бұрын орнатылған ақылды бағдаршамдар қиындық тудыра бастады. Әзірге сынақ мерзімінде тұрған бағдаршам көлік қозғалысын жеңілдетеді деп қойылған еді. Алайда бұл жаңа техника жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қатар әбігерге салып шатастырып отыр.

a5ee7f22261b358bd0409673ba0f02a6

Бұл туралы ktk.kz  хабарлайды

«Қозғалыс кезінде мониторда секундтың бар екені көрініп тұрды. Тежегішті басып тоқтаған кезімде жолақтан асып кетіппін. Кейін осы үшін бір айыппұл келді, артынан тағы біреуін жіберіпті. Хаттама нөмірлерінен басқа ақпараттың барлығы сәйкес келеді», – дейді көлік жүргізуде 43 жылдық тәжірибесі бар Николай Широков.

Өзге жүргізушілердің де шамына тиіп отырғаны осы. Енді жол ережесін бір рет бұзғаны үшін екі рет айыппұл төлеуі тиіс. Николай сияқты талай жүргізушіні жаңылыстырған екі бағдаршам қазір қала көшелерінде сынақтан өткізіліп жатыр. Болжам бойынша олар жолдағы кептелісті азайтуға септігін тигізуі тиіс. «Ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын автоматты түрде есептеп отырады екен.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «Барлық 4 бағыттағы автокөліктер тоқтап, тек жүргіншілерге ғана жол беріледі барлық бағытта қозғалуға. Сондықтан да автокөлік жүргізушілерінің көбісі жүргіншіге арналған бағдаршамның жасыл түсіне қарап, бізге жасыл түс деп қозғалысты жалғастырады немесе жалғастыра береді. Бұл жол жүру ережесін өрескел бұзу болып табылады» деп мәлім етті.

Жүзі таныс ескі бағдаршамға еті үйренген жүргізушілердің енді австриялық үлгідегі қондырғыға да үйренуге тура келеді. Өйткені, «ақылды бағдаршамның» артықшылығы орасан дейді тәртіп сақшылары.

Талқылау