Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актриса Нина Архипова дүниеден өтті

Мәскеуде РСФСР халық әртісі Нина Архипова 95 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлады Мәскеу академиялық театры.

inx960x640

Сурет: www.kp.ru 

Театр директоры Мамед Агаевтің айтуынша, Архипова үш күн бұрын Боткин ауруханасының оңалту бөлімшесіне жатқызылған.

Нина Никловаевна 1921 жылғы 1 мамырда Омбыда туылған. 1945 жылы ол Щукин атындағы театр училищесін бітірді.

1943-1951 жылдары Евгений Вахтангов атындағы театрда жұмыс істеді. 1951 жылы актриса Сатира театрына келді, содан бері ол 100-ден астам рөлдерді сомдады. Архипова «Оян және ән сал!» фильм-спектаклі экранға шыққаннан кейін танымал болды.

Ол кинода 30-дан астам рөлдерді ойнады. Соның ішінде Роман Быковтың  және Никита Михалковтың картиналары бар.

Талқылау