Танымал актриса Нина Архипова дүниеден өтті
Мәскеуде РСФСР халық әртісі Нина Архипова 95 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлады Мәскеу академиялық театры.
Сурет: www.kp.ru
Театр директоры Мамед Агаевтің айтуынша, Архипова үш күн бұрын Боткин ауруханасының оңалту бөлімшесіне жатқызылған.
Нина Никловаевна 1921 жылғы 1 мамырда Омбыда туылған. 1945 жылы ол Щукин атындағы театр училищесін бітірді.
1943-1951 жылдары Евгений Вахтангов атындағы театрда жұмыс істеді. 1951 жылы актриса Сатира театрына келді, содан бері ол 100-ден астам рөлдерді сомдады. Архипова «Оян және ән сал!» фильм-спектаклі экранға шыққаннан кейін танымал болды.
Ол кинода 30-дан астам рөлдерді ойнады. Соның ішінде Роман Быковтың және Никита Михалковтың картиналары бар.
Талқылау