Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Кейт Бланшетт Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарының жағдайы туралы айтты

Қазақстан Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарының жағдайына алаңдаушылық танытып, аталған ел үкіметін белең алған мәселелердің түпкі себебін жоюға шақырды. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Кейт Бланшетт

Бас қосу кезінде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш және БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің ізгі ниетті елшісі, актриса Кейт Бланшетт Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарының жағдайы жөнінде айтып берді.

Ал Қазақстан елшісі былтыр 700 мыңнан астам рохинджа-мұсылманның қашып кеткен Мьянмадан Бангладешке бас сауғалай қашуға мәжбүр болғанын атап өтті.

«Ең таңғалдыратыны – рохинджа-босқындардың 60 пайызы үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар біз сәуір айында Бангладештегі босқындар лагерлерінде балалардың өте қиын жағдайға тап болғанын көзімізбен көрдік», – дейді Қайрат Омаров.

Қайрат Омаров Мьянмадағы бүгінгі ахуал туралы айтып, этникалық рохинджа халқының өкілдеріне әлі күнге дейін жүріп-тұру бостандығына, білім алу, денсаулық сақтау және өмірлік дағдыларына қол жеткізуге қатаң шектеулер қойылып отырғанын басып айтты.

«Рохинджа-босқындар кепілдікті, қауіпсіздікті және осы мәселелер бойынша нақты прогресті көріп тұрған кезде ғана елге оралатын болады», – дейді Қазақстан елшісі.

Сонымен қатар Қазақстанның тұрақты өкілі Мьянмадағы рохинджа халқының құқықтарын бұзушылықтарды тергеу бойынша тәуелсіз комиссия құрылуын татуластыққа және өтпелі әділеттілікке бағытталған негізгі қадамдардың бірі ретінде атады.

Сондай-ақ, ол Комиссияға мұсылман қауымдастығының өкілін қосу оның беделін едәуір арттырып, «көпірлерді салуға» көмектесуге мүмкіндік бере алатындығын атап өтті.

Жалпы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері рохинджа-босқындардың проблемаларын Мьянмадағы бұрынғы тұрғылықты жерлерге қауіпсіз, қайырымды және өз еркімен оралуы үшін тез арада шешу қажеттігі туралы ойы бірауызды болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау