Актриса Әсел Қалиева режиссерге тұрмысқа шықты
Танымал қазақстандық актриса Әсел Қалиева тұрмысқа шықты. Ол режиссер Ернар Нұрғалиевпен бірге шаңырақ көтерді.
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Үйлену тойы европалық стилде, ашық аспан астындағы жасыл алқапта өткен. Әсел мен Ернар бір жыл бұрын “Махаббатым жүрегімде” сериалының түсірілімінде танысыпты.
Жарты жылдан соң Вьетнамға жасаған саяхат кезінде режиссер актрисаға ұсыныс жасаған.
Жігіттің ұсынысын Әсел де қабыл алыпты.
Талқылау