Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Аружан Жазылбекованың жүйкесі неге жұқарды

Актриса әрі сәнбике Аружан Жазылбекова Аэрофлот пен Эйр Астана компанияларының арасындағы түсініспеушілікке бола әбден жүйкесі жұқарғанын айтты.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Ресей билік өкілдері қазақстандық “Эйр Астана” компаниясына Мәскеуге ұшып келуге тыйым салып, 27 наурыздағы рейстердің жолы бөгелген болатын. Көрші елдің астанасына бағыт алған тікұшақтардың бірінде актриса әрі сәнбике Аружан Жазылбекова болса керек. Ол екі әуе компаниясының арасындағы түсінбестікке бола жүйкесінің жұқарғанын айтты.

147

“Аэрофлот пен Эйр Астана арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан түніміз ұйқысыз өтіп, жүйкеміз қатты жұқарды. Рейсті кейінге қалдырды, артынша ұшатынын айтты, тағы да кейінге қалдырып, қайта ұшатынын хабарлады! Аз болмағанда Новосібір қаласы арқылы ұшып кетпек болдым.  Bek air ұшағы дөңгелексіз қонып жатыр! Ал мен табиғатымнан ашуланшақ адаммын, – деп ұшақ ішінде болған кішігірім өрттің де зәресін алғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Аружан Жазылбекованың қымбат киім жарнамасына түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау