Актриса Әлия Телебарисова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Көптен бері көрінбей кеткен актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Киножұлдыз көктемнің алғашқы күндерінде екінші сәбиін дүниеге әкелді. Әлия қыз бала босанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Актриса Әлия Телебарисова екінші сәбиін дүниеге әкелді

"Құттықтауларыңыз үшін көп рақмет. Біздің отбасымызда үлкен қуаныш. Біз бұрынғыдан да бақытты бола түстік", - деп қуанышымен бөлісті Әлия. 

Актриса 3 наурыз күні босанған. Қыз балаға Амели деп есім берілген. 

Айта кетейік, Әлия "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған соң көпшілікке танылды. Әлия 2014 жылы Азамат есімді жігітпен отбасын құрған болатын. Жұптың тұңғыш қызы 2016 жылы дүниеге келген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр