Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің тәртіп сақшылары пәтер тонаумен айналысқан

27 жастағы полицей Алтынбек Қалауов сүйіктісінің құрбысымен танысып, кейін үйіндегі құнды заттарын қолды қылды деп айыпталуда, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1769438

Енді қолының сұғанағы бар офицер сот алында жауап беріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, тәртіп сақшысы сүйіктісінің сыныптастарымен сауық кешіне барады. Сол жерде қыздардың бірінен пәтерінің кілтін ұрлап алған. 10 күн өткен соң жәбірленушінің баспанасына еркін кіріп, бес миллион теңгенің алтын әшекейлері мен 4 құндыз тонын алып кетіпті. Оны базар маңындағы дүңгершіктерге өткізген. Айта кету керек, қолды болған әшекейлерді алтынынан айырылған қыздың шешесі тауып алып, артынша күдікті де анықталған.

“Базарға ет алуға барған едім. Қайтар жолда дүңгершікте ұрланған қызым мен өзімнің әшекейлерімді көріп таң қалдым. Сол бойда тергеушіге хабарласып, алтынды мұнда кімнің тапсырғаны белгілі болды”, – дейді жәбірленушінің анасы Зибагүл Есенбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда екі азамат туысының қарызы үшін оқушы қызды пышақпен қорқытқан

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Астанада полицейлермен жанжалдасқан балалар қарапайым отбасыдан болып шықты (видео)

Сабағына үлгере алмаған “Болашақ” студенті 25 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Талқылау