Ақтөбенің кішкентай тұрғындары әкімнен мектеп салып беруді сұрады

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 7:22

Ақтөбе іргесіндегі Қызылжар ауылының тұрғындары өздерін ұмыт қалдырған шенеуніктерге өкпелі. Өйткені мың жарым шаңырағы бар бұл елді мекен өркениеттен ада. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлім етті.

5ffb46c8367f86d499aee751990a4475ced0c8e4

Сурет dailynews.kz

Мектеп пен балабақшаны айтпағанда, көлік қатынайтын жөнді жол жоқ. Сондықтан көрші ауылдағы білім ошағына оқушылар жаяу барады. Бұл ауылдың балалары тасқа отырып өздерінше мұғалім болып ойнағанды жақсы көреді. Көрші елді мекендегі ұстаздарын мектеппен қосып көшіріп әкелсе деп армандайды. Өйткені күніне он шақырым жаяу жүруден шаршаған.

“Мектеп болса. Алыс болмаса. Алыс болғанмен көліктермен жүрсе тіптен жақсы болар еді”, – деді оқушы Мағжан Мұхамбетжан.

Бұл ауылдың тұрғындары ең бастысы жол азабын тартып отыр. Жөнді жол болмағандықтан оқушыларды мектепке таситын автобус бөлінбеген. Қоғамдық көліктің өзі ауылдан үш шақырым жердегі күре жолда аялдайды.

“Не автобус жоқ, не жол жоқ. Қатты қиын боп тұр балаларды тасу”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Дәмегүл Шәрбаева.

Ата-аналар мектепке жаяу баратын балаларының өміріне алаңдайды. Өйткені ит-құстан бөлек, жол бойындағы бейіттерді жағалап жүретін маскүнемдер көбейген.

“Бұл балалар қос қорымның ортасымен күнде өтеді. Қорықса да одан басқа амалдары жоқ. Себебі көрші ауылдағы мектепке апаратын төте жол жалғыз осы ғана”, – дейді ата-аналар.

Тұрғындар мәселені айтып талай табалдырықты тоздырған. Бірақ осы күнге дейін шенеуніктер құр уәдемен тойдырып жүр. Бүгін де сол уәдесін үйіп-төкті. Ақтөбе әкімі мың жарым шаңырағы бар Қызылжар ауылы биыл жол мен автобуссыз қалмайды деп сендіріп отыр.

“Қазіргі кезде жол салуға құжат бар ғой. Жалпы алғанда 192 млн теңге. Біз соны биылғы бөлінетін қаражат есебінен ойлап отырмыз жол салсақ деп. Қызылжардың балаларын көліксіз қалдырмаймыз”, – деп сендірді қала әкімі Бекбол Сағын.

Бірақ қала әкімі жақын арада қызылжарлық балалардың арманы орындалмайтынын ашық айтты. Өйткені алдағы үш-төрт жылда мұнда мектеп салу жоспарда жоқ екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    ҚАЛА ЖƏНЕ АУДАН ƏКІМІНЕ ХАТ МОСКВА РАЙОНЫ Н-ДА 33 МЕКТЕП БАР.СОЛ МЕКТЕПТІҢ АЛДЫ ҮНЕМІ,БАЛШЫҚ,СУ,ІШІ ДЕ,КӨНЕ,СПОРТ ЗАЛЫ ДА ҚОРҚЫНЫШТЫ,ҚУЫСТА ОРНАЛАСҚАН ЕШКІМ БАРМАЙДЫ ДА,ТЕКСЕРМЕЙДІ ДЕ,СОЛ ЖАҒЫН ҚАРАСА ДЕЙМІЗ,ІШІ ТАР,ҮЛКЕЙТсе ЕКЕН

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар