Ақтөбенің атақты байы Мейіржан Өндіргенов алғашқы сотта көңілді отырды

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 7:01

Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутатына қатысты сот басталды. Қаладағы автопарктердің қожайыны Мейіржан Өндіргенов мемлекеттің 4 жарым миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталып отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ввв

Сурет bureau.kz

Ақтөбенің атақты байы тіпті ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, өзгенің бизнесін тартып алу үшін адам бопсалаған. Сот алдында ол сыбайласымен бірге жауап беруде. Ал оларды қорғауға 8 адвокат пен бірнеше қоғамдық қорғаушы тартылған.

Ақтөбелік алпауытты ұстаған тергеушілер кезінде үйінен табылған ақшаны арнайы аппаратпен бес сағат бойы есептеген еді. Артынан депутаттың порнографиялық бейнеролигі интернетке тарап, елді тағы шулатты. Дегенмен, бір жыл бойы абақтыда отырған Өндіргеновтың өңі таймаған. 72 том болатын айыптауды жымия тыңдап отыр. Ол бес жыл бойы зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі «Автопарк» арқылы ақысыз тасымалдағаны үшін заңсыз субсидия алып келіпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар