Ақтөбенің үш тұрғыны бірге ішімдік ішкен ер адамның мәйітін бір жыл бойы жасырып келген

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 9:27

Өткен жылдың қазан айында Самал (есімдері өзгертілген) есімді әйел бірге тұратын ер адаммен және құрбысымен ішімдік ішкен. Олардың қатарына тағы бір таныс ер адам қосылған.

4426291267a53580a94c82dd15844a74

Бұл туралы Экспресс К жазған.

Самал мен оның «досы» ұйықтауға кеткен кезде екінші ер адам Иринаға қызығушылық танытқан. Алайда еркек Иринаның ызасына тиген көрінеді. Екеуі белгісіз себеппен төбелеске дейін барған. Ирина бірге ішімдік ішкен танысын еденге жатқызып, буындырып өлтірген. Қылмыс жасағанын түсінген кезде ол құрбысы мен оның жолдасын оятыпты. Артынша үшеуі бірігіп марқұмның мәйітін үй ауласындағы сарайға апарған. Сондағы жертөледе мәйітті көміп тастаған.

Адам өлімі және жер қойнауына тапсырылған оның мәйіті жайында полицейге Самалмен бірге тұрған серігі айтып берген. Айтуынша, ол ар азабына шыдай алмапты. Осы әрекеті арқылы ол өлім туралы хабарламағаны және мәйітті жасырғаны үшін жазадан құтылғысы келген екен. Ақтөбе қалалық №2 соты екі азаматшаны қамауға алу туралы шешім шығарды. Қос құрбы тергеу изоляторына жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында көлік жүргізуші ескерту жасаған жолаушыны өлтіріп тастады

Алматылық 6 жасар қызды зорлап, азаптап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Айым Ұлтомбаеваның өліміне күдіктелген азамат тағы бір қызды өлтірмек болғаны үшін сотталған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар