Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеліктер суға батқан адамды құтқарудың орнына, телефон камерасына түсіріп тұрған

Ақтөбедегі «Керуен Сити» сауда-ойын-сауық кешенінің маңындағы Сазды өзенінің аумағында қайғылы оқиға жиі орын алады. Жыл сайын өзенге бірнеше автокөлік құлап, адамдар батып кетеді. Бір қызығы, мұның бәрі тұрғындардың көз алдында болып жатқан.

Сурет: @aktobe_zello

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Өткен айда сағат түнгі 2-лер шамасында аталған ауданда «Мерседес» автокөлікгі жолдан тайып кетіп, мұз астына кеткен еді. ТЖ куәгерлері зардап шегушіні құтқарудың орнына, орын алған оқиғаны телефон камерасына түсіріп тұрған. Қуанышқа орай, таяу маңда кезекшілікте жүрген арнайы күзет қызметі басқармасының полиция сержанттары Әлібек Сырбай мен Азат Жарқынбаев оқиғадан хабардар болған. Олар ойланбастан мұзды суға түсіп, көлік жүргізушісін құтқарып қалыпты. Артынан ер адам ауруханаға жеткізілді.

Сурет: patrul.kz

Зардап шегуші Ақтөбе тұрғыны Смертынюк А.В. болып шықты. Ер адам полициейлердің ерлігіне риза болып, ІІД-ге алхыс хатын жолдаған. Ол хатта сержанттардың ерлігін атап өтіп, видеоға түсірген тұрғындардың немқұрайлылығын сынапты. Таяу күндері полиция қызметкерлері марапатталатын болады.

Оқи отырыңыз:

Сәтпаевта ағасын қорғамақ болған қыз полициейлерге тап беріп, ұрып тастады (видео)

Алматыда Range Rover көліктерінің жүргізушілері «мақтаншақтығы» үшін жазаға тартылды

Семейде желі арқылы бала ұрлаушылар туралы хабарлама таратыла бастады

Қазақстан астанасының ауысқанына 20 жыл толды

Талқылау