Ақтөбеліктер қаладағы сасық иіске шағымданып Назарбаевқа хат жолдамақ (видео)

Ақтөбеде қаладағы сасық иіске наразы болған тұрғындары әрі қарай қалай күнелтерлерін білмей жүр. Олар қазірдің өзінде үйдің терезелерін ашып, балаларын далада серуендетуге қорқып қалған.

Ақтөбеліктер қаладағы сасық иіске шағымданып Назарбаевқа хат жолдамақ (видео)

Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Биліктің бұл иісті жоятындары туралы құр уәдесінен шаршадық», – дейді Ақтөбе тұрғындары.

Ендігі олар қаладағы экологиялық ахуал мәселесін шешу үшін, президентке хат жазуға ниеттеніп отыр.

Өткен жылы қала билігі жағымсыз иісті жою үшін «ылғал барьер» жүйесін сатып алатынын мәлімдеген. Қала жаққа жел соққан кезде, мұндай барьер иістерді жібермей, ұстап қалады екен. Бұл жүйеге 40 миллион теңге жұмсалған. Тағы 15 миллион теңгеге кәріз-сорғыш стансаларға сүзгіш орнатылған. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, осы аптада қаланың түрлі аудандарының тұрғындары жағымсыз иіске шағымдана бастады.

«Биылғы жылы сасық иіс болмайды деп ойлап едік. Алайда, керісінше, биыл маусым айының өзінже жағымсыз иіс пайда болды. Исі былтырғыдан да өткір. Бұл әлі күн ысымай тұрғандағы жағдай. Сондықтан мен ауадағы оң өзгерістерді көріп тұрғаным жоқ. Біз ауадағы жағымсыз иістерді ажырата бастадық. Бірде күйіктің, бірде кәріздегі пайдаланылған судың, кейде күкіртті сутектің исі шығады. Таяуда жағымсыз иістің қатты шыққаны сонша, басымыз ауыра бастады», – дейді Ақтөбе тұрғыны Ерік Орамахов.

Оның сөзінше, туыстары Ақтөбедегі экологияның нашарлығынан, көршілес жатқан Оралға қоныс аудара бастаған. тұрғындардың көбі күкіртті сутектің ауаға шығарылуынан түрлі ауруларға шалдығамыз ба деп қорқады. Олар, әсіресе, балалардың жағдайына алаңдаулы.

«Менің үш балам бар. Үшінші баламыз дүниеге келмей тұрып ауадағы жағымсыз иістен зардап шегіп келеміз. Қызымыздың азғантай иістен кейін аллергиясы пайда болатынын байқадым. Иммунитеті төмендеп, бала әлсіреп, тәбеті жоғалып кетеді. Сол үшін аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер береміз. Жағымсыз иіс мәселесі шешілмейінше, бұл проблеманы көтере береміз», – дейді Сәуле есімді қала тұрғыны.

Ал тағы бір тұрғын Шолпан Матқанованың сөзінше, былтырғы жылы аз да болса оң өзгерістер болған екен.

«Бұл мәселені көтеріп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Былтыр оң өзгерістер байқалған. Алайда ол ұзаққа созылмады. Біз облыс әкімінің орынбасарымен, бас эколог, «Ақбұлақтың» басқарушысымен кездестік. Бәлкім, қандай да бір шаралар қолданылған шығар. Алайда қазіргі уақытта өзгерген ештеңе жоқ. Тіпті жағымсыз иіс өткір бола түсті. Біз ҚР президентіне шағымдануға ниеттіміз. Сол үшін хат жазып, дайындап жатырмыз. Мұнан кейін бір нәтижесі болатынына сенеміз», – дейді Шолпан Матқанова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар