Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жұмыссыз әйел қызын балағаттаған көңілдесін өлтірді

Ақтөбелік жұмыссыз әйел қызына тіл тигізген көңілдесін өлтірді. Ұйықтап жатқан қызын оятып алмау үшін, аяғын аңдап басқан анасы, қолына пышақ алып, бірге тұрып жатқан ер адамды бауыздап тастаған.

ножжж

Қанды оқиға 5 қазан күні Қандыағаш қаласында орын алған. Сол күні қылмыскердің 15 жасар қызы ас бөлмесінде ұйықтап жатады, ал өзі ашынасымен бірге қонақ бөлмесінде арақ ішіп, көңіл көтерген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиеваның айтуынша, түнгі сағат 00:15 шамасында пәтер иесі мен 40 жасар ашынасы арасында кикілжің туған. Өгей әке әйелдің 15 жасар қызын да, анасын да қосып балағаттай бастайды. Бұл қорлыққа үндемей төзген әйел, жігіт қол жұмсай бастаған кезде әбден ашуға мінеді. Ас бөлмесіне барып, қызын оятып алмау үшін мысықтабандап барып, пышақ алып шығады.

“00:25 шамасында қонақ бөлмесінде жатқан “жігітіне” қайтып келіп, бар салмағымен басып алады да, бас-көз демей төпелей бастайды,” – деді мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиева.

Ер адамның әлі де тірі екенін көрген әйел, пышақты соңғы рет жүрегіне сұғып, сағат 00:30 -да кісіні өлтіріп тынған. Қырық жастағы айыпталушы сотта өз кінәсін мойнына алды. Өзі еш жерде жұмыс істемейтін, екі балалы ана болып шықты. Екі қызының бірі тұрмыста болса, кішісі әпкесінің қолында тұрады.

Талқылау