Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жігіт қалыңдығымен ұрысып қалып базарда жүрген бөтен қызды алып қашқан

Ақтөбелік жігіт Санат Өмірзақов базарда жүрген бойжеткенді алып қашқаны үшін сотталып жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170717131940

Қыз бен жігіт үйленуге сөз байласқанымен ата-аналары оларға қарсы болған.

14 маусым күні Санат Өмірзақов пен Алдаберген Жұмажанов есімді екі жігіт қыз алып қашпақ болады. Санат Өмірзақов сүйіктісімен 2013 жылдан бастап сүйіктісімен кездесіп жүрген. Олар үйленуге ниеттенгенімен қыздың ата-анасы оларға рұқсатын бермейді. Кейіннен сүйіктісі алып қашуға келісім береді.

Жігіт қалаға келгенде бойжеткен Аманбекқызы інілерін тастап кететін ешкім жоғын айтып кездеспейді. Сол уақытта жігіт ауылдағы туысымның алдында ұятқа қалдым деп ашуланады. Кейіннен дос Алдаберген Жұмажанов екеуі сыра ішіп отырып өзге қызды алып қашуды ойлайды. Осылайша базарда жүрген 20 жастағы қызды көріп, бас салып алып қашпақ болады. Қызды базардың күзетшісі құтқарып қалған.

Өмірзақов бар кінәсін мойындады. Олар қызды көлікке күштеп салмақ болғанда қыздың екі иығы қанап кеткен. Денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Сот отырысы жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Көпшілік Астанада 6 баласын жалғыз асырап жүрген әкеге үй салып, ішін жиһазға толтырып берді (фото,видео)

Қытайда қамауда отырған азматтың анасы: Күніміз жылаумен өтіп жатыр

Алматы тұрғыны жігітінің көлігінің сыртына “мен сенен жүктімін” деп жазып кеткен

Талқылау