Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жігіт 9 жыл іздеген анасын тапқанына өкініп қалды

Ақтөбеде Артур есімді жігіт туған анасын 9 жыл бойы іздеді. Алайда анасымен кездескен соң оны тауып алғанына өкініп қалды.

Артур әпкесімен ұрысып қалған кезінде өзінің асыранды бала екенін кездейсоқ естіп қалады. Осыдан соң туған анасын іздей бастайды. Ол 16 жылдан соң ата-анасының өзін асырап алғанын білген, деп жазады “Диапазон”.

Кейін БАҚ- өкілдеріне хабарласып, желі арқылы анасына іздеу салады. Осылайша 1993 жылы тастап кеткен анасын іздеп табады.

“Ол Ақтөбеде тұрады. Мені 16 жасында босанған. Түріміз қатты ұқсайды. Бастапқыда менің анам емес екенін айттып, кейін мойынады. Әпкесінің айтуымен мені перзентханаға тапсырыпты. Әкемнің төбелестке қаза болғанын айтты. Бірақ зиратын көрсеткен жоқ. Анамның ағаларымен, анасымен, әпкелеріен таныстым”, – дейді Артур.

Анасы қазір отбасылы, үш баласы бар.

“Жас әке ретінде тұңғышын тастап қойып, басқа балаларын қалай өмірге әкелгеніне таңғалдым. Мені жақын қабылдаған жоқ. Өзім отбасыммен ажырастым, жұмысымды ауыстырдым”, – дейді ол.

Артур туған анасын іздеп тапқанына өкінетінін айтты. Сол үшін өзін асырап баққан ата-анасының көңіліне қаяу түсіргендей.

“Бір кездері өзіңді сатып кеткен адамды іздеудің керегі жоқ екен. Мені баққан ата-анамды ренжітіп алғаным үші, олардың орнын айырбастайтын адамды іздегенім үшін өкініп қалдым”, – дейді Артур.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау