Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жас жұбайлар үйлену тойы күні балалар үйіне тарту жасады

Шаңырақ көтеріп жатқан жастар қаладағы «Үміт» сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

Той болатын күні күндізгі серуеннің орнына олар қайырымдылықпен айналысуды жөн көрді. Сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.

«Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», — дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.

Талқылау