Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік зейнеткер Аяз Атаға арналған заманауи асатаяқ ойлап тапты

Өнертапқыш Сұлтанбек Тәшенов қазір зейнет жасында. Ақсақал аяз Атаның асатаяғына динамик орнатқан.

асатаяқққ

«Динамиктің күші бір кешті өткізуге жетеді. Аяз Ата bluetooth арқылы телефонына өлеңдер, тақпақтар, сценарий жазып алып көңілді кештерде пайдалануға мүмкіндігі бар. Оның қуаты екі аптаға жетеді»,-дейді Сұлтанбек Тәшенов.

Зейнеткер енді өзі ойлап тапқан дүниені патенттеу қамымен жүр.

Өнертапқыш бұған дейін компос пен радиосы бар шопандарға арналған асатаяқ ойлап тапқан еді. Ол асатаяқта қой санауға арналған есептегіш құрылғысы да бар. Намаз оқылатын уақытта белгі беретін асатаяқтарын ақсақал патенттеп алған. Оның бірнешеуін шенеуніктерге сыйлап та үлгерген.

Талқылау