Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырды деп күдікке ілінгендердің туыстары, олардың теріс жолға түсіп кеткеніне әлі де сенбейді. Үйге қайта оралады деп олардың балалары да күнқұзақ жолға телміреді екен.

ацца

Сурет matritca.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Кисилев көшесіндегі екі қабатты үй. Кіп-кішкентай жұпыны бөлмеде алты адам тұрады: 29 жастағы Дархан Қойшиннің анасы, әйелі, әпкесі және үш баласы. Баласының алды төртте болса, ортаншысы үш жаста, ал кішісі 10 айлық екен. Олардың әкесі арнайы операция кезінде қайтыс болды. Дарханның анасы Зәуреш Қойшина немерелерінің әкесі келеді деп әлі күтіп отырғанын айтып, жылады.

“Ұлым Дарханды өлтірді. Сол күні, 5 маусымда ұлымды телефон шалып қонаққа шақырған. Ол қуана қабыл алып, бізді де алып кетпекші болды. Бір кезде қайта хабарласып, балаларды тастайтынын айтты. Ұлым балаларға “киндер-сюрприз” әперді де кетіп қалды. Тез арада ораламын деді. Енді міне әлі күнге оралмады. Кім кінәлі екенін де білмеймін. Енді үш немеремді де зейнетақыммен асырауым керек. Есікке қарай жақындасам болды, немерелерім әкесі келеді ме деп алаңдайды”. – деді Зәуреш Қойшина.

Дархан Зәуреш апаның екінші ұлы. Бірінші баласы да 12 жасында жоғалып кетіпті. Үйден шығып кетіп, қайта келмеген ұлын сол күйі таппай қалған.

vssv

Дархан мамандығы бойынша бұрғылаушы екен. Алайда сол салада жұмыс таппаған. Анасының айтуынша, оны сақал өсіріп, діни түсінікке байланғаны үшін жұмысқа алмаған. Сол себепті ол ұялы телефондар сатумен айналысыпты. Бизнестің бұл түрімен қалада негізінен ұзын сақал өсірген жігіттер айналысады екен. Ал оның әпкесі інісінің қанды терактіге қатысып, адам өлтіргеніне сенбейді.

“Автобусты басып алды, атты деп оны террорист деп жатыр. Егер ол шын мәнінде террорист болатын болса онда бүкіл автобусты жарып жіберуші еді ғой. Оны тек мәжбүрлеген”, – дейді әпкесі,

Екінші мекен-жай – Ряхов көшесіндегі жатақхана. Мұнда тағы бір күдікті Асхан Иманғалиев тұрды делінген. Үй иесі, әйел адам жиені түрмеден шыққан соң осында тұрғылықты мекен-жайға тұрғызған.

“Оны іздеуде жүр дейді. Ия, оны әйелі екеуін осында жазып қойғанмын. Мұны әйелі балалары үшін жәрдемақы алулары үшін істедім. Өйткені, олар өте кедей тұрды. Оны жұмысқа алмады. Өзі де тоғыз жыл отырып шыққан. Арақ ішпейді, темекі шекпейді, намаз оқиды…телефон саудасымен айналысты”, – дейді әпкесі.

Талқылау