Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік театр джихад туралы қойылым әзірледі

Ақтөбедегі облыстық драма теарт өздерінің жаңа маусымын бұрын-соңды болмаған қойылыммен ашпақ. Бұл қойылымда заң жақтаушыларының радикалдық исламның құрбаны болғандығы көрсетіледі.

0000000000000000000

Фото: Анастасия Зюзина

Бұл туралы express-k.kz басылымы хабарлайды.

“Үміт оты сөнеді” атты туындының авторы – Сенат депутаты Жабыл Ерғалиев.  Ол мұны Ақтөбеде болған қанды оқиғаға дейін жазған екен. Қойылымда бастарына бұлт үйірілген қазақ отбасының тағдыры баяндалады. Басты кейіпкер мен оның жұбайы дәстүрлі исламнан баз кешіп, оның радикалдық  ағымын ұстануды жөн көреді.

Дәстүрлі емес ислам мәселесі көтерілетіндіктен қойылымның сценарийін алдымен ҰҚК қызметкерлері тексеріп шыққан екен. Олар келтірілген Құран үзінділерінің түпнұсқаға сай болуына баса назар аударған. Актерлер сахналық образдарын бойына сіңіру үшін сақал өсіріп, әйелдер дайындық кезінде паранджа киіп жүруді құп көрген.

“Өзіме тиесілі рөлді сомдауда біраз қиналдым. Өйткені өзім діндар адаммын. Ал мен сомдайтын кейіпкердің образы болмысыма қарама-қайшы. Менің радикалдық ислам бағытын ұстанатын таныстарым өте көп. Әдетте ваххабиттердің қимыл-қозғалысын дұрыс сала алмаған кезде, сол жандарды есіме түсіремін. Ал оларға тиесілі кітаптарды оқып шыққым келмейді. Әзірге ваххабиттер туралы ғалымдардың жазған еңбектері де жеткілікті”, – дейді Қадыр Құттыбаев. Көрермендерге қыркүйек айында жол тартады деп жоспарланып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Режиссер қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді залдан қуып шықты

Астанада мүгедек жанның махаббатын баяндайтын қойылымның премьерасы өтті

Сати Казанова «Comedy Club» қойылымында қазақ тілінде ән айтты

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Талқылау