Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тарихшы Бөгенбай батырдың ерлігін жоққа шығарды

Ақтөбедегі Жұбанов атындағы университеттің профессоры Айсұлу Тасымова қазақ батыры Бөгенбайдың ерліктеріне күмәнмен қарайды. Оның сөзінше, Бөгенбайдың барлық ерлігі Абылай ханның серіктесі болған Бөкенбай деген басқа батырға “тиесілі”.

7474

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

“Дәл осы Бөкенбай батыр бүкіл қазақ халқын біріктіріп, жоңғарларға тойтарыс беру үшін еңбек еткен”, – дейді тарихшы.

Ал Қазақстан ғылым академиясының тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Ирина Ерофеева: “Бөгенбай батыр үшеу болған, бірақ тарихи ғылымда қызықты парадокс болып отыр: көптеген энцоклопедияларда олардың бәрінің өмірбаяны қанжығалы руынан шыққан Бөгенбай батырға топтастырылған. Бөкенбай Байқұртқаұлы арғын ішіндегі шақшақ руынан шыққан; тағы бір Бөгембай Ақшиұлы арғын руының қанжығаласынын шыққан. Олардың бірінің атына Алматыдан көше берілген” деді ол.

Ероффеваның сөзінше, жазба тарихи деректерді білмегендіктен көптеген тарихшылар 1723-1730 жылдардағы қазақ-жоңғар соғысында Қанжығалы Бөгенбай басты қаһарман ретінде айтылып жүр. Ал оның қазақтар арасындағы танымалдылығы XVIII ғасырдың 40-50 жылдарында аңғарыла бастаған. Бөкенбай батыр болса табын руынан шыққан.

“Қазақтар арасындағы аңыз бойынша Бөкенбай батырдың шашын ақ қырау шалған кезде, Қанжығалы Бөгембайдың жасы 19-20-да ғана болған”, – деп есептейді ғылыми қызметкер.

Бөкенбай батырдың әкесі Қарабатыр, ал анасы – қалмақ. Ғалымдардың пікірінше, Бөкенбай батырдың 18 ғасырдың 30 жылдарында Қазақ хандығындағы беделі зор болған. Әрі ол кісі бірінші болып ресейлік протекторатты да қабылдаған (1731 жыл, 10 қазан). Оны Ресей императоры Анна Иоанновна арнайы күміс белгімен марапаттаған.

Оқи отырыңыз:

Астаналық жігіт қара суықта жалаңаш, үй-күйсіз қаңғып жүрген ер адамды бастан-аяқ киіндірді

Ата-анасы 5 жасар қыздарының зорланғанын оның суреттерінен біліп қойған

Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Талқылау