Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тәрбиеші балалардың аузын скотчпен жауып қорқытқан

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі балалардың аузына скотч жабыстырып, оларды тыныштандырмақшы болған, деп хабарлайды КТК.

 

 

03

 

 Балалардың айтуынша, тәрбиеші шулағандардың аузын скочпен жауып, жазалайды екен. Осы оқиғаға байланысты мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүріп жатыр. Дегенмен, балалар көрсеткен тәрбиешінің өзі ондай жағдайдың болғанын жоққа шығарды. Балаларды шулаған кезде ұрысумен ғана шектелетінін айтты.

-Көп бұзық болады. Соссын балаларды ұрмайсың ғой. Айтасың тентек болма деп. Аузыңа жапсыралы деген сөздер айтылады. Бірақ ондай әрекет мен жасаған жоқпын,- дейді Гүлнұр Қойшығарина.

Талқылау