Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік таксист өзі қағып кеткен әйелді айқайласа да көлігінен түсірмей қойған

[:kk]

26 маусым күні Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында жол апаты болды. Қараңғы болғандықтан жолақ дұрыс көрінбейді. Өзге көліктер жүргіншілер жолағындағы жолаушыны өткізіп жіберген. Ал, таксист әйелді байқамай қағып кеткен.

965282563
Сурет: ria.ru 
Бұл туралы Timeskz.kz хабарлайды. Жүргізуші көліккен түсіп, зардап шегушіні көлігіне отырғызып аурухана апаратынын айтқан. Алайда, айыптаушы Дина Байжанова-Байтуринаның айтуынша таксист әйелді алдымен аталған мекен-жайға апарған, кейін одан дәрігерлерге көшеде құлап қалдым деп айтуын өтінген. Өзінің азаматтық некедегі әйелі мен 6 жасар баласы бар екенін де айтқан. Екі емханада зардап шегушіні қабылдамаған. Әйел алған жарақаты ауырсынып қатты айқайлағанда ғана жүргізуші оны жедел-жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізген. Жол апатынан соң жүргізуші 2 ай бойы оған іздеу жарияламайынша Шалқарда жасырынып жатқан. Осы уақыт аралығында зардап шегуші емді үйде қабылдап, тіпті сотқа балтақпен келген. Оның күйеуі оқиға болған соң бірнеше айдан соң үйден кетіп қалғандықтан, әйелдің күтіміне анасы қарайлаған. Сот жүргізушіні 2 жылға куәлігінен айырып, 240 сағатқа қоғамдық жұмыс істеуге шешім шығарды. Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда көлік жүргізушісі ер адамды жүргіншілер жолағында қағып кетті

Алматыда адам қағып денесін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды (видео)

[:]
Талқылау