Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік студент ІІ Елезаветаның туған күніне шақыру билетін ұтып алды

Ұлыбританияда білім алып жүрген ақтөбелік студент Айгерім Исмағұлова Британия патшайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған салтанатты шараға қатысады.

047

Сурет tvc.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

21 жастағы студент ұтысқа қатысып, шақыру билеттерінің біріне ие болды. Мерейтой қонақтары ақсүйектерше киініп баруы қажет. Қазір ол қалпақ таңдаумен әлек болып жүр.

Ақтөбелік Айгерім Исмағұлова Ұлыбританияның Гринвич университетінде қаржы және банк ісі мамандығы бойынша білім алып жүр. 2-курс студенті өз құрбы-құрдастарымен бірге құны 5 фунт болатын ұтыс билетін сатып алып, жеңімпаз атанды.

“Бұл бағасы 2500 теңге болатын ұтыс билеті бізге сәттілік әкелді. Қызым Айгерім енді Ұлыбритания патшайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған мерейтойға қатысады. Сәтін салса, 8 маусым күні туған күн тойлау кеші басталады. Алдын ала белгілі болғаны, ол жаққа әлемнің танымал әншілері, әртістері мен спортшылары жиналуы тиіс. Ал шақырылған қонақтар арнайы сәнге сай, ақсүйектерше киінуі қажет екен. Қызым кеше ғана хабарласып, қалпақ таңдау қиын екенін айтты”,- дейді Айгерімнің анасы Неля Исмағұлова.

гонреп

Айта кетейік, 90 жасқа арналған мерейтой 8-10 маусым күндері аралығында өтеді. Шақырылған қонақтарға мерекелік дастарқан жайылып, бал ұйымдастырылады.

тимс

Тарихқа сүйенсек, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елезавета екі рет туған күнін тойлайды екен. Алғашқысы 21 сәуірде өтеді. Ал екіншісі маусым айында ұйымдастырылады. Патшайым ІІ Елезавета өз әкесі VІ Георгтің өлімінен кейін, яғни, 1952 жылдан бері тақта отыр. Ол таққа келгенде небәрі 25 жаста болған.

Талқылау