Ақтөбелік пойызға кешігіп қалғаны үшін түрмеге түсе жаздады

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 18:21

Теміржол қызметкерлерінің кесірінен пойызға кешігіп қалған ақтөбелік Асқар Алдажаров темір тордың ар жағынан бір-ақ шыға жаздады.

a214552b49240f29eadb21271d0e2169

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Бұл оқиға сонау 2013 жылы басталған. Астанаға бармақшы болған Асқар Алдажаров Атырау-Астана бағытындағы пойызға билет сатып алады. Белгіленген уақытта Хромтау қаласындағы теміржол вокзалына келеді. Кенет, пойыздың кестедегі уақытынан 10 минут бұрын кетіп қалғаны белгілі болады.

Диспетчер Қайрат Жолдасбаевтың түсіндіруінше, перронда ешкім жоқ болғандықтан, ол пойыздың кете беруіне сигнал беріпті. Теміржолшылар жолаушы Алдажаров өздерінің кінәсінен пойызға үлгере алмай қалды деп акт толтырады.

Келесі күні оған Қайрат Жолдасбаев хабарласып, билет ақшасын қайтаруды ұсынады. Олар кездесіп, диспетчер Асқарға ақша салынған конверт беріп, өзіне және “Қазақстан темір жолы” АҚ-ға ешқандай кінә артпайтыны туралы қолхат жазып беруін өтінеді. Ал Алдажаров сол қолхатты бере салысымен оны полицейлер тұтқынға алады. Ал конверттегі ақшалар таңбаланған болып шығады. Кейін түсінікті болғандай, Қайрат Жолдасбаев полицияға Асқар Алдажаровтың ақша бопсалағанын айтады. Полицейлер істі анықтауға жылдам кіріседі. Ал тергеуші болса тіпті Ақтөбе облысындағы теміржол бөліміне пойыз жүріп кеткен сәтсіз оқиға үшін теміржолшылардың қандай да бір кінәліні іздеуге болмайтыны туралы жарлық жібереді.

Бақытқа орай, полиция Асқар Алдажаров бопсалады деген қылмыстық істі қылмыс құрамының толық еместігіне байланысты тоқтатқан. Ал Асқар болса моральдық шығын ретінде “Қазақстан темір жолы” АҚ-дан 1 миллион теңге талап етеді. Алайда судья Сәуле Өтепбергенова бұл соманы 100 мың теңгеге дейін төмендеткен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Құдай сақтаған екен ол жігітті. Масқара ғой. Титтей де кінəсі болса екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар