Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік полицейлерде лаңкестік оқиға кезінде нақты жоспар болмаған

Лаңкестікке қарсы штаб отырысында ІІД бастығы Мақсұтхан Әбләзімов жергілікті полицейлердің лаңкестік оқиға алған күнгі кездескен қиындықтарын жайып салды. Бұл қиындықтар аталған саладағы кемшіліктің салдары болса керек.

police

Сурет mgorod.kz

Бұл туралы AktobeNews хабарлайды.

“5 мамыр күні болған лаңкестік оқиғаны бүге-шігесіне дейін сараптау кезінде ішкі істер департаменті қызметіндегі кемшіліктерді анықтадық. Біріншіден, бір топ лаңкес қаланың бірнеше ауданында шабуыл жасаған кезде тойтарыс беру үшін ішкі істер органдарын басқарудың қиындығы байқалды. Сондықтан, лаңкестік оқиға басталған кезде біз полицияның кешенді күшін үйлестіруде, оған жетекшілік етуде қиындықтарға тап болдық. Екінші мәселе — жеке құрамның қалалық жерде ұрыс жүргізудің тактикасын білмеуі”, — деді М.Әбләзімов.

ІІД бастығы арнайы автобустардың жоқтығынан жеке құрамды қаланың бір бөлігінен екінші бөлігіне тасымалдау қиынға соққанын айтады. Полицейлерге әлсін-әлсін автобус сұратып, әкімшілікке шығуға тура келген, ал бұл лаңкестердің шабуылына тойтарыс беру операциясының жеделдігіне кері әсер еткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері саны да жеткіліксіз. Облыста жасақталған 630 бағыттың тек 34 пайызы, қала бойынша 20 пайызы ғана патрульдермен қамтамасыз етілген.

“Экстремизим және терроризммен күрес жөніндегі басқарманың штаттық кестесі талапқа сай емес — 11 адам! Ал есепте тұрған адамдар саны 400-ден асады және дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде жүрген 1500-ден астам адам бар”, — деді ол.

Әбден ескірген радиостанциялар да жарамсыз екенін көрсетті — бір радиоарнада лаңкестік оқиға болған алғашқы сағатта 500 адам сөйлегенде, жүктемені көтере алмай қалды. Жолдарға тосқауыл қоюға қажетті техникалық құралдардың болмағандығы салдарынан жолдарда қорғаныс бекеттерін салу үшін қапшықтарға құм толтырып қоюға тура келген.

“Полицейлердің санын арттыру, кадр мәселесін облыс әкімі жеке бақылауына алды”, — деді М.Әбләзімов.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

Ақтөбеде лаңкес пәтерді «Қызыммен демалу үшін үй керек» деп іздеген

Жараланған лаңкестердің барлығы ауруханадан түрмеге жіберілді

Талқылау