Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік оқушылар ұялы телефонды үнемді қуаттауға арналған құрылғы жасады

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «ақылды қуат беру құрылғысын» ойлап тапты. Қолда бар дүниеден жасалған өнертабыс жаппай өндіріске шығарылуы ғажап емес.

Безымянный

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жас өнертапқыштардың еңбегі Уфада өткен халықаралық конференцияда үздік шықты.

Мәлік Әсет пен Даулет Исатаевтың бірлескен жобасы ұялы телефонды үнемді әрі қауіпсіз қуаттауға арналған. Жас өнертапқыштар ойлап шығарған құрылғы телефон қуатталып болғанда, тоқтан автоматты түрде ажырайды. Сондай-ақ мобильді қосымша ұсынысты кейінге қалдыра алады. Айтуларынша, бұл өте қолайлы. Өйткені көп жағдайда адамдар телефонды түнімен қуат көзіне қосып қояды.

“Бұл тиімділігі өте жоғары және қауіпсіз тәсіл болып саналады. Электр қуатын үнемдейді, телефонның батареясының пайдалану мерзімін ұзартады. Біз сатуды жоспарлап отырған түпнұсқаның келешекте ықшамды әрі энерготиімді түрін шығармақ ойдамыз”, – дейді оқушы Әсет Мәлік.

Назарбаев зияткерлік мектебінің өнертабысы Уфада өткен халықаралық конференцияда үздік танылды. Олжалы оралған балалар енді «ақылды құрылғыдан» алты есе кішкентай түрін жетілдіруге кіріспек.

“Біз оқушылармен математика, физика және интернет технологиялары жөнінен сыныптан тыс түрлі шараларды, сайыстарды өткізіп тұрамыз. Олар сайттарға, мобильді ұсыныстарға негізделген. Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Үйде де мектепте де талмай ізденеді. Ғаламтордан қызықты ақпараттарды, түрлі сайттарды іздеп тауып жатады”, – дейді информатика және робот техникасы пәнінің мұғалімі Серік Төлегенов.

Зерттеу және жобалық қызметтер, физика-математикалық бағытта білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің қабырғасында жан-жақты қолдау тауып келеді. Дәстүрлі ақпарат апталықтары оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, робот техникасына, басқа да ғылымдарды дамытуға ықпал етеді. Мектеп жаңа заманауи қондырғылармен, нано, биотехнологиялық зертханалармен жабдықталған. Мектептте 702 оқушы білім алуда. Биыл 185 түлек  мектепті бітіреді. Жас ғалымдар еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыратын болады.

Талқылау