Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік оқушы Назарбаевтан пәтер сұрады

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қазақстан президентінен пәтер сұрады. Елбасы өз кезегінде мұны әкімге тапсыратынын айтты.

image

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Елбасы зияткерлік мектепке келген кезде оқушылар өздерінің жетістіктері мен арман-мақсаттары туралы айтып берген. Осы уақытта оқушылардың бірі елбасыға ішінде көп балалы отбасыға пәтер сұраған хатты ұсынған.

“Менің сізге берер хатым бар”, – дейді бала. Елбасы хатты қолына алып оны қай кезде оқуы керектігін сұрайды. Бала “өзіңіз біліңіз” деп жауап береді.

Қарабұтақтан келген оқушы өзінің жасы үлкен аға-әпкелерінен бөлек, 4 жасы кіші бауыры бар екенін айтты. Барлығы ауылда тұрады екен. Отбасы балалары білім алсын деген ниетпен қалаға көшіп келгісі келсе де, бұл жерде пәтерлері жоқ.

“Мен мұны әкімге тапсырамын. Бұл пәтер саған емес, сенің ата-анаңа”, – деді елбасы.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін елбасының алдымен үйлі болуы керектін айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау