Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік наиб имам Меккеде қазақстандықтарды өзге ағым өкілдерінен қалай қорғағанын айтып берді

«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының айтуынша, қажылық уақытында өзге ағымдар тарапынан уағыз-насихат айту күшейеді. Сондықтан ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

news-6twgVyPntS

«Мен 2012 жылы гид болып қажылыққа бардым. Олар (өзге ағымдағы адамдар — авт.) мені үгіттемеді. Керісінше, мен оларды ұстай алмай жүрген кездерім есімде. Менен қашып жүрді. Мен гид болған кезімде қарамағымдағы 150 адамға солардың шейхтері үгіт-насихат жүргізе алмады», — деді Нұрлыбек Шакизадаұлы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мекке қаласында қонақ үйлерде де сақ болған жөн.

«Бос жатқанша, уағыз тыңдап қайт. Жүр, мына жаққа барып қайтайық» деп жастарымызды баурайды. Қажылық уақытында уахабшылар жұмыс істеп қалады. Тегін кітаптар таратады», — деді наиб имам.

Айта кетейік, биыл алғаш рет Ақтөбе қалалық мешіттің ішінде «Қажылық анықтамасы» атты оқыту семинары өтті. Мұнда қажылыққа аттанғалы отырған ақтөбеліктерге Меккедегі сақтық шаралары мен діни жоралғылар түсіндірілді.

Тағы да оқыңыз:

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

Талқылау