Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин шашып өзін өртемек болды

Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыствқ ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны "Лексус 350" маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

"Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К.Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Талқылау