Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек өзін қорлап, кемсіткен күйеуін 5 күнге қаматып тастады

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында отбасылық кикілжің қаралды. Ер адам ішімдік ішкен күйінде әйелін бірнеше рет қорлаған.

Байғанин ауданында ер адам азаматтық некедегі әйелін балағаттап, үйінің тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. Сотта анықталғандай, ер адам осыған дейін де үйінің тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Азаматтық некедегі жолдасынан зәбір көргенін айтқан әйел соттан заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Соттың қаулысымен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Министр: Азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Қазақша сайрап тұрған орыс қызы анасынан “қазақша сөйлеші” деп өтінді (видео)

Талқылау